05 ақпан 2024 | 21:24

Таразда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараздағы Құмшағал шағын тұрғын алқабында заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл – жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы. Жаңа нысанның ашулы рәсіміне қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы Құмшағал шағын тұрғын алқабында заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл – жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы. Жаңа нысанның ашулы рәсіміне қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады.

"Елімізде спорт арқылы ұлт саулығын тұрақты дамыту Мемлекет басшысының басты назарында. Бұл бағытта елімізде барлық жағдай жасалып жатыр. Бүгін ашылып отырған дене шынықтыру-сауықтыру кешені - соның айқын дәлелі. Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлердің шығатынына сенімім мол", - деді облыс әкімі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ былтыр өңірде спорт саласын дамытуға 14,2 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде ауыл-аймақтарда салынған заманауи спорт нысандары ел игілігіне берілген.

Салтанатты шар барысында Құмшағал алқабының белсендісі, еңбек ардагері Рахманбек Устаев тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.

Ал дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, еңбек сіңірген спорт қайраткері Ахмет Жұмағұлдың сөзінше, мұндай кең әрі жайлы спорт кешендерінде жаттығу – балалалар мен жасөспірімдерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік.

Екі қабатты жаңа спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы құрылған. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі жасөсіпірімдер спорттың сегіз түрі (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, кикбоксинг) бойынша жаттығады.

Былтыр өңірде тоғыз спорт кешені пайдалануға берілсе, осы жылдың соңына дейін тағы 13 нысанның құрылысы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 492 мыңнан астам адам немесе немесе облыс тұрғындарының 40,3 пайызы шұғылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram