13 тамыз 2023 | 09:44

Таразда еңбек демалысынан шыққан бір топ мұғалім шу шығарды

Фото: КТК телеарнасының видеосынан алынған кадр

Таразда еңбек демалысынан шыққан бір топ мұғалім шу шығарды. Қаладағы №28 мектептің ұстаздары тамыз айында істеген еңбегіміздің ақысын толық ала алмайтын болдық деп ашулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда еңбек демалысынан шыққан бір топ мұғалім шу шығарды. Қаладағы №28 мектептің ұстаздары тамыз айында істеген еңбегіміздің ақысын толық ала алмайтын болдық деп ашулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, білім бөлімі оқу ошағында жөндеу жүріп жатқандықтан, мұғалімдерге тек жалақы төленеді деп отыр.

Ал олардың санатына тиесілі қосымша ақы берілмейді. Алайда ұстаздар қауымы бұл туралы мектеп директоры ешкімге ештеңе ескертпегенін айтады. Олар осы ай басталғалы көше кезіп, сыныптағы оқушы санын толтыру үшін білім ордасына бала жинаумен болған.

Реклама
Реклама

"Бірінен бастап жұмысқа шықтық. Бірақ бізге қазір айлығымызды тек жалақы ретінде төлейміз деп жатыр. Біз оған қарсымыз. Неге? Өйткені бәрінде ипотека бар. Бәрінде несие бар. Мектеп жақындап қалды. Бәрі балашағасын киіндіру керек. Басқа №62 мектептің ішінде жөндеу болып жатқан мектептен ғана үнемдеп, айлықтың жалақысын берейін деп жатыр", - дейді мұғалім Динара Мойлауова.

Мектепте кеш басталған құрылыс та жаңа оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін. Осы айда бітпейтін болған жағдайда балалар басқа нысанда білім алуға мәжбүр болады. Ал 11 күн бойы үй-үйді аралаған ағартушылардың ақысыз қызмет етуіне кінәлі адам табылмады. Мектеп директоры да, білім бөлімі де бұл туралы міз бақпаған.

"Күрделі жұмыс басталардың алдында директорлармен түсіндірме жүргізілген. Бұл кісілер түсіндірме жүргізу керек болатын. Ал жүргізді, жүргізбеді, мен оны айта алмаймын. Бұл басшысының құзырында. Ол кісілер жүргізу керек еді. Жаңа оқу жылына дейін 20 күн қалды. Құрылыс бітіп үлгере ме? Мен қазір нақты айта алмаймын. Бітіруге барлық жақтан атсалысып жатырмыз", - дейді Тараз білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлбану Мәлібекқызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная