Тарихи медаль еншілеген гимнаст Нариман Құрбанов жүлдесі үшін қанша табыс табады?

Тарихи медаль еншілеген гимнаст Нариман Құрбанов жүлдесі үшін қанша табыс табады? Фото ©Сали Сабиров

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париждегі (Франция) Олимпиаданың күміс медалі үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Vesti.kz"-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париждегі (Франция) Олимпиаданың күміс медалі үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Vesti.kz"-ке сілтеме жасап.

Заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне Қазақстаннан 150 мың доллар (70 миллион теңгеден астам) тиесілі.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының чемпионы үшін 250 мың доллар, ал қола жүлдегері үшін 75 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, 4, 5 және 6 орындарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлеміндегі сыйлықақылар қарастырылған.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама