Тарихта алғаш рет: Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды

Тарихта алғаш рет: Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды t.me/iribnews

Ирандық БАҚ АҚШ-тың алыс қашықтағы радиолокациялық бақылау және басқару ұшағы - E-3 AWACS-ке тиесілі делінген суреттерді жариялады. Мәлімет бойынша, бұл ұшақ Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтан атындағы әуебазаға жасалған соққы кезінде қатты зақымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ирандық БАҚ АҚШ-тың алыс қашықтағы радиолокациялық бақылау және басқару ұшағы - E-3 AWACS-ке тиесілі делінген суреттерді жариялады. Мәлімет бойынша, бұл ұшақ Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтан атындағы әуебазаға жасалған соққы кезінде қатты зақымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерде ұшақтың екіге бөлінгені байқалады. Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, онда бұл - E-3 ұшағы алғаш рет қақтығыс кезінде жойылды деген сөз.

Boeing E-3 Sentry, яғни AWACS (Airborne Warning and Control System) - бұл ұшатын басқару орталығы әрі қуатты радар. Оның төбесінде орналасқан үлкен айналмалы радар төмен ұшатын нысандарды да анықтай алады, мұндай нысандарды жердегі радарлар жиі байқамайды. Оның бақылау радиусы 400 шақырымнан асады. Стационарлық радарлардан айырмашылығы - AWACS әлемнің кез келген нүктесіне жылдам жетіп, баллистикалық зымырандармен жою қиынырақ. Ұшақтағы офицерлер жойғыш ұшақтардың әрекетін үйлестіріп, нысанаға бағыттайды, әуеде жанармай құю процесін басқарады және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін бақылайды.

Реклама
Реклама

Соңғы буындағы толық жабдықталған бір ұшақтың құны шамамен 400–500 миллион доллар немесе одан да жоғары.

Фото: t.me/iribnews

Фото: t.me/iribnews

Иранның Сауд Арабиясындағы әуебазаға жасаған шабуылын америкалық БАҚ та растады. Мәлімет бойынша, 12 америкалық әскери қызметкер жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама