Таяу Шығыстан 10 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды

Таяу Шығыстан 10 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады. Жалпы алғанда, елге 10 275 қазақстандық қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, соның ішінде жерүсті және әуе жолдары арқылы жүргізілді.

Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен жұмысты үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, азаматтарға қажет көмек көрсетті.

Реклама
Реклама

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама