Тедрос Аданом Гебрейсус Қарағандыдағы көмір шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Қарағандыдағы көмір шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Қарағандыдағы көмір шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ДДҰ басшысы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

"Бүгін - Қазақстан халқы үшін қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Гебрейсус әлеуметтік желіде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная