Техникалық ақаудың арқасында миллионер болған қазақстандық 10 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Видео кадры

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында қазақстандық ер адамды Швециядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында болған жүйелік ақауды пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған.

Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам, оның ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық үшін экстрадицияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама