Теміржолдағы қауіпті ойындар: Алматы-2 станциясында жасөспірімді тоқ соқты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы-2 вокзалында пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-2 вокзалында пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған. Станция кезекшісі 15 жастағы жасөспірімнің вагонның төбесіне рұқсатсыз шыққанын тіркеген.

"Нәтижесінде оны электр тоғы соғып, күйік жарақатын алды. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы жетті. Жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады "ҚТЖ" компаниясы.

Реклама
Реклама

Мамандар теміржол аса қауіпті аймақ екенін еске салады. Жолға рұқсатсыз шығу немесе жылжымалы құрам маңында қауіпсіздік ережелерін елемеу адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардап әкелуі мүмкін.

Қазір бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама