27 мамыр 2023 | 09:24

Теміртауда өгей қыздарын зорлаған ер адам сотталды

Теміртауда 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Бұған дейін педофил өзінің қылмысының ауырлығын сезіп, қорғаушысы арқылы жәбірленушілерге ақша бермек болған. Алайда балалардың анасы мен прокурор оған қатаң жаза беруін сұрады.

Тергеу материалдары бойынша, сотталушы 14 және 11 жастағы екі бірдей өгей қызын қорқытып, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. Қыздар бірнеше айдан соң аналарына шағымданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, 1,5 жыл бойы қаралды. Іс барысында педофилдің бұрын да сотталғаны анықталды.

Реклама
Реклама

"Сотталушы Теміртауда өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2009, 2012 жылы туған өгей қыздарына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра, дәрменсіз, қарсылық көрсете алмайтындарын ұғына тұра, әрекетін бірнеше рет қайталанған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қортындыларымен дәлелденді. Ол кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-злмбылық жасағандықтан ешқашан мерзімінен бұрын босатылмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная