“Тепкілеп, өзенге итерген“: Семейде жасөспірімдер баланы аяусыз соққыға жықты

Фото:depositphotos.com

Семейде жасөспірімнің соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде жасөспірімнің соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы

Әлеуметтік желіде Ертіс өзенінде 12 жастағы баланы бірнеше жасөспірім аяусыз ұрғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық пабликтердің бірінде жарияланған мәліметке сәйкес, бала балық аулап жүрген кезде оған 14–15 жастағы бірнеше жасөспірім жақындап, әуелі тас лақтыра бастаған. Кейін оның хоббиін мазақтап, суға итермелей бастаған. Бала қашып кетпек болғанымен, олар қуып жетіп, ұрып-соққан, қолындағы қармағын сындырып, жұдырықпен және аяқпен ұра бастаған.

Реклама
Реклама

Салдары

Нәтижесінде баланың қолы сынып, жамбас және арқа тұсы көгерген. Баланың әпкесінің айтуынша, шабуыл жасағандардың тұлғалары анықталған, алайда олар кінәсін мойындамаған және кешірім де сұрамаған.

Омбудсмен мен полицияның реакциясы

Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Жүнісова бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы – "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Баланың анасымен байланыстамыз. Психологиялық қолдау орталығының көмегі ұсынылды", - деп жазды Жүнісова Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі 1000 АЕК-ке дейін (2025 жылы шамамен 3,9 млн теңге) айыппұл салу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Еске салайық, бұған дейін былтыр Семейде әлеуметтік желіде жасөспірімдердің өз қатарласына күш көрсетіп, қорлап жатқаны түсірілген видео тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама