TikTok-тағы “емші“ астаналықтардың ақшасына бәс тіккен

TikTok-тағы “емші“ астаналықтардың ақшасына бәс тіккен Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Астананың тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, өзін емші ретінде таныстырған. Ол "емдік" қызмет көрсетемін деп, көріпкелдік қабілеттері арқылы көмектесуді ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

Астананың тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, өзін емші ретінде таныстырған. Ол "емдік" қызмет көрсетемін деп, көріпкелдік қабілеттері арқылы көмектесуді ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы әйелдердің бірінің денсаулығына қатысты мәліметті біліп алып, "сиқырлы қабілетіммен көмектесе аламын" деп сендіріп, ақы талап еткен. Дәл осындай тәсілмен ол тағы екі жәбірленушіні алдап, жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден аса қаражатты иемденген. Алынған ақша букмекерлік кеңседе бәс тігуге жұмсалған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта айыпталушының кінәсін дәлелдейтін барлық айғақты ұсынған. Күдікті кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды ішінара өтеген.

Реклама
Реклама

Сот оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енген.

Айта кетейік, жыл сайын қазақстандықтар алаяқтардың айла-амалдарынан ондаған миллиард теңгеден айырылып жатады.Адам жасына, кәсібіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан зардап шегуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама