Тобыл кентінде жүк көлігі жанармай құю станциясына соғылды

ng.kz

Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала деректер бойынша жүргізуші жанармай құю бекетіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ПД өкілдері.

Реклама
Реклама

Полиция жүргізген сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі мас болмағаны анықталды.

Еске салайық, бүгін, 27 қыркүйекте Ақмола облысында КамАЗ бен жеңіл автокөлік соқтығысқан еді. Салдарынан кәмелетке толмаған қыз көз жұмып, 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама