Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады

Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шығыстану ғылымына қосқан елеулі үлестері және филология саласының қытайтану бағытын терең зерделеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға, мәдени құндылықтарымызды насихаттауға, екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтуға сіңірген айрықша еңбектері үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін, сондай-ақ, ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызына "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.

Осы орайда Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама