Тоқаев: Билік “Педагог мәртебесі туралы“ заңды өрескел бұзып отыр

Айжан Калиева Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Президент мұғалімдердің құқықтарын қорғау үшін "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент мұғалімдердің құқықтарын қорғау үшін "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек. Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек. "Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймын. Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама