Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!