ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 тамыз 2025 09:41
Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу