Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңіске арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Айнұр Қапышова Корреспондент
Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңіске арналған салтанатты іс-шараларға қатысады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-дағы ресми арнасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

"Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды", - деп жазды Айбек Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама