Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады.
Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!