Тоқаев Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Айжан Калиева Корреспондент
Тоқаев Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен Сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама