ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 тамыз 2025 12:39
Тоқаев Путин мен Трамптың кездесуін тарихи саммит деп атады
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды", - делінген хабарламада.
Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу