Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.
Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!