Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады

Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама