17 маусым 2023 | 13:48

Тоқаев шенеуніктер туралы: Олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек негізгі екі қасиетті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек негізгі екі қасиетті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді", - деді ол.

Президент сондай-ақ, жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет ететінін айтты.

Реклама
Реклама

"Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емеc", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная