Тоқаев Түрікменстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар, бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама