Тоқаев Түркістанда ТМҰ елдерінің басшыларын қарсы алды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Түркістанда ТМҰ елдерінің басшыларын қарсы алды Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді.

Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Осыдан кейін саммитке қатысуға келген делегация басшылары бірге суретке түсті.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды.

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ортақ түркі мәдениетіне, тарихына және тіліне негізделген елдердің басын біріктіреді. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы мемлекеттер болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама