Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.

Реклама
Реклама

Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма мың тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция дерегі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.

Кездесу соңында Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама