Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
"Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!