20 тамыз 2023 | 17:55

Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Реклама
Реклама

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен баратынын хабарлаған едік.

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная