11 маусым 2023 | 17:52

Тоқаев вице-министрге: 14 адам қаза тапты, сіз осыны түсінесіз бе?

Фото: видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді. Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін вице-министр алапат өрт туралы баяндай бастағанда, Президент оны бәрі тоқтатып тастады. "Баяндамаңызды тоқтатамын, пайдасы жоқ. Өзекті емес ақпараттарды беріп отырсыз" деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге адамдардың кәсіби жұмыс істемей жатқанын айтып, кадрлық мәселелерді қайта қарауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная