Тоқаевқа Путиннің жеке жолдауы жеткізілді

Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдап, ол Ресей президентінің жеке жолдауын табыс етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналатын энергетика саласындағы серіктестіктің болашағы талқыланды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 17 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын. Мемлекет басшылары қазақ-ресей қатынастарының жан-жақты дамып келе жатқанын атап өтіп, жоғары деңгейде бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын талқылаған.

"Ыңғайсыздықты жұмсартуға талпыныс" – сарапшы Тоқаевқа Путиннің қоңырауы туралы пікір білдірді.

Сол кезде екі ел басшысы энергетика саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударғаны, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама