Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанда жаңа штаб құрылды

Айжан Калиева Корреспондент
Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстанда Президенттің тапсырмасымен шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдерінен құралған жаңа штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Президенттің тапсырмасымен шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдерінен құралған жаңа штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданған. Штабты елдің Премьер-министрі басқарады, ал оның орынбасарлары болып Премьер-министрдің орынбасары мен Ішкі істер министрі тағайындалды.

Негізгі міндеті

Реклама
Реклама

Штабтың негізгі міндеті ретінде мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.

Құрамы

Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ, бірқатар жауапты министрлік басшылары енді.Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама