Тойда әншіні ұрған ер адам үйқамаққа жіберілді

Фото:depositphotos.com

Түркістан облысында сот тойда ән шырқағаны үшін келінін бірнеше рет ұрған бұрынғы қайын атасын үйқамаққа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында сот тойда ән шырқағаны үшін келінін бірнеше рет ұрған бұрынғы қайын атасын үйқамаққа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпаратты 6 қыркүйекте облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тергеу аяқталғанға дейін үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.

Ер адамның тарапынан болған қоқан-лоқы туралы полицияға шағым түспегені нақтыланды.

"Сонымен қатар, тергеу аясында барлық уәж қаралып, оқиғаға қатысы бар адамдарға құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Еске салайық, оқиға 31 тамызда Түркістан облысы Төлеби ауданындағы "Зағамбар" мейрамханасында болған. Тойда ән айтып тұрған 27 жастағы Азода Тұрсынмұрадоваға бұрынғы күйеуінің әкесі кенет тап беріп, бірнеше рет ұрған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам қатты мас болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама