Трамп денсаулығына қатысты тосын мәлімдеме жасады

x.com/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің денсаулығы туралы мәлімдеп, өзін бұрынғыдан да жақсы сезінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің денсаулығы туралы мәлімдеп, өзін бұрынғыдан да жақсы сезінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол жексенбі, 31 тамызда Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Өмірімде бұдан сау болған емеспін", – деді АҚШ басшысы.

Реклама
Реклама

Бұған бірнеше сағат бұрын Трамп америкалық футболдан бұрынғы жаттықтырушы Джон Груденмен түскен суретін жариялады.

"Джон Груденмен гольф ойнадық. Ол - шынымен жақсы адам, мінезді!" – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін желіде "Трамп қайтыс болды" деген хабарламалар кең таралған болатын. #TrumpIsDead хэштегі X (Twitter) желісінде ондаған мың жазба жинады. Ресми растау болмады: бұл АҚШ президентінің денсаулығына қатысты қауесеттер, оның орынбасары Джей Ди Вэнстің мәлімдемелері және "Симпсондар" мультфильміндегі болжамдарға байланысты пайда болған тренд болып шықты.

Кейін Ақ үй "Трамптың қайтыс болғаны" туралы қауесетті жоққа шығарды. Шенеуніктердің айтуынша, президенттің жағдайы жақсы, ол гольф ойнауға кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама