ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2021 | 11:18
Тұман және қатты жел. Қазақстанда 9 қазанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Олардың айтуынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ кей жерлерде қатты тұман мен жел күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Олардың айтуынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ кей жерлерде қатты тұман мен жел күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антициклон Қазақстанның көп бөлігіне әсерін сақтайды, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз.
"Тек солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, солтүстікте, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Метеорологтардың мәліметінше, Алматы облысында Алакөл көлдері аймағында желдің күші 17-22-ге дейін күшейеді, екпіні секундына 27 метр. Жамбыл облысында, таулы аудандарда тұман, батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда - желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Күндіз Түркістанның таулы аймақтарында, Қызылорда облысының орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде түнде және таңертең, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также