Тұман, қатты аяз: 25 қаңтар, сенбі күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Қазгидромет 25 қаңтар, сенбі күні Қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 25 қаңтар, сенбі күні Қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстіктен жел секундына 5-10 метр соғады. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 14-16 градус аяз болады.

Алматыда да ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 3-5 градус аяз күтіледі.

Реклама
Реклама

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 17, күндіз 12-17 градус аяз күтіледі.

Көкшетауда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 12-14 градус аяз күтіледі.

Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 18-23 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 23-28 градусты құрайды. Күндіз 2-7 градус, солтүстікте, таулы аймақтарда қатты аяз болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 метр, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр. Ауа температурасы түнде қатты аяз 23-28, солтүстікте, таулы аудандарда 31 градус, облыстың оңтүстігінде 18 градус аяз күтіледі. Күндіз 5-10 градусқа дейін жылы болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде қатты аяз 26-28 градус, күндіз 6-8 градус аяз күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қарлы боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 16 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, солтүстікте, таулы аймақтарда 1-6 градус аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде аздап қар жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-18 градус, облыстың батысында 10, күндіз 7-12, облыстың батысында 4 градус аяз күтіледі.

Атырау облысының батысында аздаған қар жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 13, күндіз 0-5, облыстың шығысында 8 градус аяз күтіледі. Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын жел секундына 5-10 метрді құрайды.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14, шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Мұғалжар ауданында қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метрді құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың солтүстік-шығысында 22, күндіз 7-12, облыстың солтүстік-шығысында -16 градус аяз күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың оңтүстігі мен шығысында 28, күндіз 12-17, облыстың шығысында -20 градус аяз күтеліде.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23, күндіз 12-17 градус аяз болады.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, күндіз 12-17 градус аяз. Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Қарағанды ​​облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 12-14 градус аяз.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың шығысында 27, күндіз 11-16 градус аяз. Жезқазғанда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 13-15 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 30-35, облыстың оңтүстік-шығысында 26 градус аяз, облыстың солтүстігі мен шығысында 40 градусқа дейін қатты аяз, күндіз 15-20 градус нөлден төмен ауа райы күтіледі.

Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде 38 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың шығысында 22 градус аяз болады. Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 15-17 градус аяз.

Қызылорда облысының шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде -10 градус аяз, күндіз 4-9 градус аяз, облыстың оңтүстігінде -2 градус жылы болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метрді құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 23, күндіз 2-7, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -12 градус аяз күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная