Қазгидромет 24 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстікте құбылмалы бұлтты, тұман түседі, оңтүстікте жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі.
Батыста бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыста жаңбыр, қар және тұман болжанады.
Қалалар бойынша ауа райы болжамы
Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Алматы - бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Талдықорған - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең кей уақытта жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Ақтау - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.
Атырау - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.
Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз 11-13 градус жылы.
Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Павлодар - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Семей - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
Өскемен - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!