Түркияда зәулім ғимарат өртенді

Видеодан алынған кадр

Ыстамбұлда 15 қазанда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oda TV түрік басылымына сілтеме жасап.

Ыстамбұлда 15 қазанда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oda TV түрік басылымына сілтеме жасап.

Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы ғимараттың жоғарғы қабатына тез жеткен.

Біраз уақыттан кейін өртсөндірушілер өртті ауыздықтады. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынды және ішкі және сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Қала басшысы Экрем Имамоглудың айтуынша, өрттен қаза тапқандар жоқ.

"Фикиртепе аймағындағы көпқабатты үйден шыққан өртті біздің өртсөндірушілер бақылауға алды. Эвакуация барысында адамдар қаза тапқан жоқ. Өрттің шығу себебі тергеуден кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама