26 ақпан 2023 | 11:21

Түркиядағы жер сілкінісі: 612 адам тергеліп жатыр

РИА Новости

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың сапасы бойынша 612 адамға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың сапасы бойынша 612 адамға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

Әділет министрі Бекир Боздаг 612 күдіктінің 184-і сотқа дейін қамауда отырғанын айтты. Олардың арасында құрылыс мердігерлері, иелері немесе ғимарат менеджерлері бар.

Сарапшылардың айтуынша, қирап қалған көп үйдің құрылысына сапасыз материалдар қолданылған және көбі мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді.

Реклама
Реклама

Түркия телеарналары елдегі жер сілкінісі мен ғимараттардың қирау қаупі әлі де бар екенін хабарлады. AFAD апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету агенттігінің мәліметі бойынша, 6 ақпаннан бері елде 9 470 дүмпу болды.

"Бұл ұзақ уақытқа созылады. Біз бұл дүмпулер кем дегенде екі жылға созылады деп болжап отырмыз", - деді AFAD бас директоры Орхан Татар.

Бұған дейін Түркияда құқық қорғау органдары ғимараттардың жаппай құлауы бойынша Газиантептегі Нұрдағы ауданының мэрі Оккеш Кавакты ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная