23 қыркүйек 2024 | 19:43

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында білім саласына жеке кәсіпкерлердің инвестиция салуына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан мектептердің саны артып келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында білім саласына жеке кәсіпкерлердің инвестиция салуына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан мектептердің саны артып келеді.

Бүгін Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында типтік үлгідегі жаңа "Болашақ ұрпақ" мектебінің ашылу салтанаты өтті. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары және ел ағалары арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Болашақ ұрпақ" мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған. 242 орындық білім ұясында заман талабына сай жабдықталған пән кабинеттері, асхана, спорт зал, кітапхана бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен толық қамтылған. Сонымен қатар мектептен 4 бағытта 4 автобус қатынайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Түркістан облысы әкімдігі ұсынды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная