03 желтоқсан 2023 10:44

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам сома жымқырған

Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысының білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам сома жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам сома жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырды деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 миллиард теңге сома жымқырған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, олардың төртеуі қамауға алынды.

"Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автокөлік, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды. Сонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Ведомство сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 миллиард теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық топта басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері де бар, барлығы 13 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram