ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2023 | 12:20
Түркістан облысында ер адам құстарды атамын деп жасөспірімді мерт қылды
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также