08 мамыр 2024 | 11:37

Түркістан облысында жаппай төбелес болды

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі кадрларға қарағанда, төбелес бірнеше ер адам арасында болған. Олар "дубинкаларды" қолданған, бір-бірін жұдырықпен ұрып, тепкілеген.

Видео авторы Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болғанын айтты.

Реклама
Реклама

Ескерту, видеода балағат сөздер бар!

Түркістан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Түркістан облысының полициясы Мақтаарал аудандағы ауылдарының бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная