ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 16:18
Түркістан облысында “Жайлы мектеп“ бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр
Қазақстанның білім беру саласын дамыту мақсатында қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі бұл жоба бойынша облыста қандай жұмыс атқарылғанына шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның білім беру саласын дамыту мақсатында қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі бұл жоба бойынша облыста қандай жұмыс атқарылғанына шолу жасады.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру және оқушыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастама. Жобаның басты ерекшелігі - мектептердің жаңа стандарттарға сәйкес, инновациялық технологиялармен жабдықталып, функционалды әрі оқушының қажеттіліктеріне бейімделген форматта салынуы.
Жобаның негізгі артықшылықтары:
Құрылымдағы жаңалықтар:
- Бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктар қарастырылған.
- Әр блоктың өз асханасы, спортзалы, және санитарлық тораптары бар.
- Балаларға жеке заттарын сақтауға арналған шкафтар орнатылады, бұл ауыр сөмкелерді тасу мәселесін жеңілдетеді.
Заманауи жабдықтау:
- Кабинеттер заманауи интерьермен жабдықталып, экологиялық стандарттарға сай жасалады.
- Физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша арнайы зертханалық кабинеттер орнатылады.
- Touch-экрандар мен жылдам интернетке қосылу мүмкіндігі қарастырылған.
Әлеуметтік қолдау және инклюзивтік:
- Ерекше білім алуға мұқтаж балалар үшін арнайы жағдайлар жасалады.
- Әр қабатта тынығу алаңдары қарастырылып, балалардың менталды денсаулығына көңіл бөлінеді.
- Денсаулық пен қауіпсіздікке басымдық:
- Оқушылар үшін трансформер-парталар мен таза ауызсу фонтандары орнатылады.
- Әр блокта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай лайықталған дәретханалар қарастырылған.
Жайлы экологиялық орта:
- Жобаның экологиялық жүйесі балалардың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге бағытталған.
- Бұл жобаның маңызды нәтижесі – апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдық оқу мәселесін шешу, сондай-ақ, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы сапалық алшақтықты азайту. Осындай жаңашыл бастамалар Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Бұл бағдарлама жаңа оқу ғимараттарын салу, оқушыларға сапалы білім беру жағдайын жақсарту және білім саласындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған.
- Түркістан қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 8 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Арыс қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сарыағаш қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Жетісай қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Кентау қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.
- Шардара қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сонымен қатар, Бәйдібек би және Қазығұрт аудандарында 1 мектептен жоспарланған, бүгінде Бәйдібек би мектепте балалар білім алып жүр.
- Келес ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Жетісай ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Мақтаарал ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Ордабасы ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сарыағаш ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 7 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сауран ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сайрам ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Төле би ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Түлкібас ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.
Сонда жоспар бойынша, 2025 жылдың аяғына қарай Түркістан облысында 59 мектеп салынуы керек.
Еске салайық, бұған дейін бұл бағдарлама аясында Түркістан облысында биыл 29 мектептің құрылысы жоспарланғаны белгілі болды. Ол үшін "Ұлттық қордан" 139 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуға тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также