03 желтоқсан 2023 10:15

Түркістан облысында жоғалған төрт жасар бала әлі табылмады

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен төрт жасар Айбар Бақыт әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жоғалып кеткен төрт жасар Айбар Бақыт әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция жоғалған баланы іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетіп, видео жариялады.

Оны іздеуге еріктілер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған.

Реклама
Реклама

Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Полиция төрт жасар баланы іздеуге дрон құрылғысы мен иісшіл иттерді де пайдаланып жатыр.

"Жоғалған Бақыт Айбар Алдиярұлы жайлы қандай-да бір мәлімет білсеңіз не болмаса көрсеңіз мына көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз: 102, 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында төрт жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік.

1 желтоқсанда кешке полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен төрт жасар ұлының үйіне оралмағанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram