Түркістан облысында полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Түркістан облысында полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды Оқиға видеосынан үзінді

Түркістан облысында полицейлердің Lexus-тың мас жүргізушісін қуған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында полицейлердің Lexus-тың мас жүргізушісін қуған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, оқиға 12 қарашада Сайрам ауданында болған. Әлеуметтік желілерде таралған кадрларда жүргізушінің тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбағаны, жасырынуға тырысқаны, қызметтік машинамен соқтығысқаны көрініп тұр.

Ескертеміз, бейәдеп сөздер бар!

Реклама
Реклама

"Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, автокөліктерге материалдық шығын келген. Бұл дерек Сайрам АІЖ-де тіркелген. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, Lexus жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген", - деп түсіндірді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп бұзған адам жол апаты жағдайын туғызғаны, көлікті мас күйінде жүргізгені және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық қорғау органдары іс материалдарын сотқа жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама