Түркістанда корейлік “Woosong“ университетінің филиалын ашу жұмыстары пысықталды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентімен былтырғы кездесуінде Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның "Woosong" университетінің филиалының ашу бастамасына арнайы тоқталып, қолдау көрсеткен болатын. Қазіргі таңда университет ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентімен былтырғы кездесуінде Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның "Woosong" университетінің филиалының ашу бастамасына арнайы тоқталып, қолдау көрсеткен болатын. Қазіргі таңда университет ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Шим Хэк Чже бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Түркістан қаласында "Woosong" университетінің филиалының ашу бойынша жұмыстарды жан-жақты пысықтап, құжаттандыру және грант мәселелерін кеңінен талқылады.

Реклама
Реклама

Облыс әкімінің орынбасары жұмыстарды бірлесе атқаруды, ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді ұсынды.

"Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Өздеріңізбен осыған дейін бірнеше рет кездесіп, жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеміз. Ендігі кезекте – лицензия алу. Одан бөлек, жоғарғы оқу орнына білікті кадрлар мен профессорларды алу, грант бөлу, студенттерді жатақханамен қамту мәселесі назарда тұр. Біз Министрлік және жергілікті әкімдік тарапынан грант бөлуге дайынбыз. Университеттің құрылыс жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біздің өңірдегі 1 мың мектепте 500 мың оқушы білім алуда. Оның ішінде, биыл 30 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Корея елінің үздік тәжірибесі Түркістан облысындағы білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз", – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Басқосуда Шим Хэк Чже әрі қарай бірлесе тығыз жұмыс істеуге, барлық мүмкіндіктерді қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар өздерінің тарапынан бұл университетте бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығаруға бар күш-жігерлерін салатынын айтты.

"Woosong" университетінде 4 факультетте "Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы", "Бағдарламалық қамтамасыз ету", "Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция", "Мультимедия және Web дизайн" мамандықтарында 2340 студент білім алады деп жоспарланып отыр. Университетті биыл ашу көзделген.

"Woosong" университетінің артықшылықтары

Аталған университет Оңтүстік Кореядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Түркістанда ашылатын филиалда 4 негізгі бағыт бойынша білім беріледі:

"Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау"
"Бағдарламалық қамтамасыз ету"
"Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция"
"Мультимедиа және Web дизайн"

Бұл мамандықтарға 2340 студент қабылдау жоспарланып отыр. Оқу бағдарламалары Кореяның жетекші профессорларының қатысуымен жасақталып, әлемдік білім стандарттарына сай жүргізіледі. Сабақтар қазақ, ағылшын және корей тілдерінде өтеді. Сонымен қатар, университет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Оңтүстік Кореяға барып, тәжірибе жинақтай алады. Оқу бітірген түлектерге халықаралық деңгейде мойындалған диплом беріледі.

Инвестициялар және инфрақұрылым

Қазақ-Корей бірлескен білім ордасын ашу мақсатында Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 17 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Университет құрылысына Корея мен Қазақстан тарапынан инвестициялар тартылды. Оқу орнының кампусы заманауи зертханалармен, кітапханамен, спорт кешенімен және студенттік жатақханалармен қамтылады.

Университеттің ашылуы Түркістанды білім және инновация орталығы ретінде дамытуға серпін бермек. Бұл жоба өңірдегі жастарға әлемдік деңгейде білім алу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Айта кетейік, Қазақ-Корей бірлескен білім ордасын ашу мақсатында Түркістан қаласының әкімшілік - іскерлік орталығында 17 қабатты ғимартқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама