Түркістандық полицейлер көліктің жүксалғышынан 160 келі балық тәркіледі

polisia.kz

Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмән туғызған Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген. Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды.

Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама