Мәжіліс депутаты Абзал Құспанов сот залында тілін шығарып, қолымен түсініксіз қиымл көрсеткен судьялардың әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Судьялардың өзінің арнайы заңы бар, соған сәйкес судьялардың өзін сот процессінде ұстау этикасы бар. Ол этиканы сақтауға міндетті. Екінші судьяның қолмен көрсеткен әрекеті - "сен түрмеге отырасың" деген мағынаны береді. Сот үкім шығармай тұрып, ондай қимыл іс-әрекет судьялардың этикасына сай емес", - деді депутат.
Алматы сотының судьясы Бақытжан Бақырбаев сот отырысында оғаш қимыл көрсеткені үшін сынға ұшыраған еді.
Сот баспасөз қызметі бұл қимылды тәртіп сақтау үшін жасалғанын түсіндірді. Кейін Судья әдебі жөніндегі комиссия оның кейбір әрекеттеріне қоғамдық айыптау жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесінде де оғаш жағдай болған еді. Төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсеткен. Осы оқиғадан кейін Шымкенттегі судьялық этика кеңесі тексеріс бастаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!