05 наурыз 2020 | 10:15

ҰҚК Ақмола облысында арнайы операция жүргізді

© ҰҚК

ҰҚК Ақмола облысында арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Ақмола облысында арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

Реклама
Реклама

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің "Арлан" арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды", - делінген ҰҚК сайтында.

Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды.

ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная