ҰҚК Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдіктілерді ұстады

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикал діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

Реклама
Реклама

"Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хбарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама